Архив событий

06/05/2021

Сот «Instagram»-дағы жарияланым үшін моральдық зиянның өтемақысын өндірді

06/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қоюшы Н-нің жауапкер К.-ға ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау, моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қарады.

Сот жауапкердің «Instagram» әлеуметтік желіде талап қоюшының фотосын салып, оған қатысты жала жабу мен қорлаудан тұратын сөздер жазған.

Азаматтық кодекстің 143 бабының 1-бөлігіне сәйкес, азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға гүл шоқтары қойылды

06/05/2021

Жеңіс күні – ұлы мерекелердің бірі-оны фашистік Германиядан зардап шеккен әлемнің көптеген елдері құрмет тұтады. Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын атап өттік.

Жеңіс күні-миллиондаған сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған адамзатқа қарсы  жасалған соғыстың аяқталғанын білдіретін мереке.

Салтанатты мерекеге орай Судьялар одағы филиалының судьялары Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сот Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысына үйқамақ мерзімін ұзартты

06/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2021 жылғы 6 мамырда Е. Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішхатын қарады.

Е. Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылғы 14  маусымға дейін ұзартылды.