Лауазымды адамға қатысты үкім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Е.-ге қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөліг, 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша айыптау үкімін шығарды.

Тергеумен анықталғаны

Е. Астана қаласы ПД «Алматы» ауданы Полиция басқармасының полиция бөлімі бастығының орынбасары бола отырып, жәбірленушіге 1 млн.теңгеге бірге тұратын азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға уәде берді. Ақшаны алғаннан кейін Е. өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады, өйткені оны Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері ұстады.

Сотта

Іс сотқа прокурор мен сотталушы Е.-нің арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімімен келіп түсті.

Процестік келісімінің талаптары бойынша прокурор Е.-ге ұрланған мүліктің 7,5 еселенген сомасы, яғни 7,5 млн. теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Е. тағылған айыптың кінәсін толық мойындады және өкініш білдірді.

Жәбірленуші жасалған процестік келісімімен және жазалау шарасымен келісті.

Үкім

Е. алаяқтыққа оқталғаны үшін, яғни лауазымды тұлғамен жасалған алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ ұрланған мүліктің 10-нан 20 есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл салуды көздейді.

ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігінің және 56-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес процестік келісімді жасасу кезінде және аяқталмаған қылмыс үшін айыппұл мөлшері ұрланған мүліктің 7,5 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, кінәні мойындауын, асырауында 3 жас баланың болуын таныды.

Сот анттың бұзылуын жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде таныды.

Іс жүргізу келісімін қарау қорытындысы бойынша Е. ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігінің және 190-бабы 3-бөлігінің  2) тармағы бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7,5 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.

Е. сонымен қатар полиция майоры арнайы шенінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты