Сот тұтынылған энергия берешегін өндірді

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер "Астанаэнергосбыт" ЖШС-дан азамат А-ға қатысты тұтынылған энергия берешегін өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер тұтынылған энергия ақысын уақытылы және толық көлемде төлемеген, соның нәтижесінде 1 633 622 теңге көлемінде берешек болған.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19–бабы 2б.4б көрсетілгендей, жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге  тұтынушы міндетті.

Соттың шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның пайдасына жауапкерден берешек сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі