Сот Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз туралы іс бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны саралау ұсынылғанға дейін 10 тәулік мерзімге дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда, М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Күдіктінің іс-әрекеттері сараланғаннан кейін одан әрі бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілетін болады.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты