«Shanyrak+» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 30 желтоқсанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Ж-ға, Г-ға және Т-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, олар жәбірленушілердің ақшасын аса ірі мөлшерде тарту үшін қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған.

Қылмыстық қудалау органдары таққан айып

Г. және Т. қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және басқарғаны, Г. қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) басқа мүлікті легализациялағаны үшін айыпталды.

Ж. Г. және Т. «WhatsApp»-та презентациялар, семинарлар өткізген, чаттар құрған, онда 1000-нан астам салымшы тартылған пайдалы ақшалай салымдар туралы ақпаратты орналастырған. Қаржы пирамидасы қызметінің нәтижесінде Ж., Т. және Г. 2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы қазанға дейінгі кезеңде азаматтардың 633,4 млн. теңгеге, аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатын тартты.

Сотта

Прокурор Ж-ға 8 жыл, Г. мен Т-ға  7 жылға қосымша жаза тағайындаумен бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғаушы тарап айыпталушыларды кінәсіздікке байланысты ақтауды сұрады.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал өтелмеген.

Сот үкімі

Ж., Г. және Т. қаржы пирамидасын (ҚК-нің 217 3-бөлігінің 2-тармағы) құрғаны үшін, сондай-ақ  Г. қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті легализациялағаны үшін  (ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танылды.

Айыпталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген.

ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігінің санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігінің санкциясы 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың шын жүректен өкінуін, соттылықтың болмауын, сондай-ақ Ж-ның жас ерекшелігі мен онкологиялық науқасының болуын,  Г-ның екі кәмелетке толмаған балаласының болуын, Т-ның  екі жас баласының болуын ескерді.

Ж. 5 жылға 6 айға бас бостандығынан айыруға, Г. және Т. 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Барлық сотталғандарға 7 жыл мерзімге азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестицияларды тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты