Архив событий

23/12/2022

Сот терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген адамға қатысты үкім шығарды

23/12/2022

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген Н.-ға қатысты 2022 жылғы 22 желтоқсанда айыптау үкімін шығарды (ҚР ҚК-нің 273-бабы).

Тағылған айып.

Н. өз үйінде болған кезде 2022 жылғы 1 қазанда әпкесі А.-дан оның авиарейске (Астана-Талдықорған бағыты) тіркелуге үлгермегені және оны ұшақ бортына жібермегені туралы хабарлама алды. Бұдан кейін Н. әуежайға қоңырау шалып, қызметкерлерге әпкесін ұшаққа жіберу туралы талап қойды. Алайда, әуежай қызметкерлері бұдан бас тартты.