Архив событий

09/12/2022

МАӘС судьяларына практикалық көмек көрсетілді

09/12/2022

2022 жылғы 9 желтоқсанда бірінші сатыдағы судьяларға практикалық көмек көрсету мақсатында Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мараш Манабаева семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында Мараш Манабаева 2022 жылғы қарашада апелляциялық тәртіпте қаралған практика құрушы әкімшілік істер бойынша қысқаша шолуды талқылады.

Апелляциялық алқаның судьясы сот шешіміне қойылатын талаптарды сақтау қажеттілігіне назар аударды.

Судьялар бірінші сатыдағы сот актілерін түзетудің негіздері мен себептерін талқылады.