Архив событий

26/12/2022

Мүгедектікті белгілеуден бас тарту туралы дау бітімгершілік жолмен шешілді

26/12/2022

Талап қоюшы  С. мен мемлекеттік орган арасындағы дау кәмелетке толмаған мүгедек баланың мүддесі үшін бітімгершілікпен реттелді.

С. сотқа Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіне талап қоюшының кәмелетке толмаған баласын толық оңалту туралы хабарламасын және оған мүгедектік белгілеуден бас тарту жөніндегі іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен  жүгінді.

Татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды бітімгершілік жолмен шешуге келісті.

Тараптар жоспардан тыс тексеріс жүргізу туралы дау бойынша сотта татуласты

26/12/2022

Талап қоюшы  А. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті» РММ-ге тексеріс жүргізбеу жөніндегі іс-қимылдарды негізсіз деп тану туралы, өтінішті мәні бойынша қарау, тексеріс жүргізу және қажетті шараларды қабылдау міндеттемесі туралы талап қоюмен  жүгінді.

Шағым тексерісті жүргізу туралы өтінішке жазбаша жауапта жауапкер шағын бизнес субъектілерін, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеріс жүргізуге мораторий болғандықтан, тексерісті жүргізу мүмкіндігі жоқ екенін көрсеткенімен негізделген.

Сот кәсіпкердің құқықтарын қорғады

26/12/2022

Жеке кәсіпкер (одан әрі – ЖК) А. мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылды.

2021 жылғы 30 желтоқсанда веб-порталда Тапсырыс беруші көрсетілген сатып алу бойынша шартқа қол қойды және өнім берушіге қол қоюға жолданды. Үш жұмыс күні ішінде ЖК шарт мерзімінің өтуіне байланысты шартқа қол қойылмаған.

Қазынашылық комитетінің бұйрығымен веб-портал арқылы ЖК мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне автоматты түрде енгізілді.

Сот баланың алимент алу құқығын қалпына келтірді

26/12/2022

Б. кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны даулап, Жеке сот орындаушысына (бұдан әрі-ЖСО) талап қойып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.  

Іс материалдарынан кәмелетке толмаған баланы асырап-бағу үшін А. - дан Б.-ның пайдасына алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат болғаны анықталды. Ал 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 311 мың теңге сомасында берешек болды. 

Алқа «Questra World» және «AGAM» қаржы пирамидаларының ісі бойынша 20 жәбірленушінің құқығын қалпына келтірді

26/12/2022

2022 жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың 2022 жылғы 30 қыркүйектегі айыптау үкімін ішінара өзгертті.

Апелляциялық сатының қаулысымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімі жәбірленушілерге материалдық залалды өтеу бөлігінде өзгертілді. Бірінші сатыдағы сот бұрын қараусыз қалдырған 20 жәбірленушінің азаматтық талап қоюын қанағаттандырылды.

Қалған бөлігінде сотталғандарға қатысты К., С., П. және Б. үкім өзгеріссіз қалдырылды.