Архив событий

21/12/2022

Құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды

21/12/2022

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы 21 желтоқсанда полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талаптарына бағынбай, құқық бұзушылық әрекет жасаған С.А.Закироваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарынан 2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 21.50-де Президент Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болған С.А.Закированың полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны байқалады.

Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

21/12/2022

Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Гүлнұр Тлеукенованың төрағалық етуімен, ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Азамат Ибраевтың, мемлекеттік қызмет істер агенттігі Астана қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының басшысы Ернар Мырзабектің және осы бөлімнің бас маманы Темір Жәшібековтың қатысуымен «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Автокөліктерді сатып алу-сату саласында алаяқтық әрекеттер жасағандары үшін сотталды

21/12/2022

2022 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты У. мен А.-ға қатысты алаяқтықтың 14 эпизодын жасау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 190-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы).

Тағылған айып.

У. және А. өздерін ломбардтарда және жеке сот орындаушыларынан төмен бағамен автокөлік сатып алуға көмектесетін адамдар ретінде таныстырған. Осылайша У. және А. жәбірленушілердің ақшалай қаражатын ірі және аса ірі мөлшерде  иемденген.

Сотта.

Прокурор айыптауды қолдады.

Сот үлескердің құқықтарын қалпына келтірді

21/12/2022

Астана қаласының Алматы аудандық сотына А. «Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты шарттарды бұзу және соманы өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Талап тараптар арасында тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалғандығына негізделген.

Талап қоюшы қабылдаған ақша қаражатын төлеу бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды. Өз кезегінде жауапкер талап қоюшыға мүлікті беру бойынша міндеттемелерді орындамады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен медициналық орталық бітімгершілікке келді

21/12/2022

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «З» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «П» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен берешекті өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Талап қою тараптардың арасында 2020 жылдың сәуір айының соңына дейін бөліп төлеуге 15,4 млн. теңге сомасына медициналық техниканы жеткізуге шарт жасалғандығымен негізделген. Талап қоюшы шарт бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындады, ал жауапкер ай сайынғы төлемдерді 2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізді.

Сот тараптарды медиация тәртібімен татуластырды

21/12/2022

«Э» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2,4 млн. теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талап қойып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Қойылған талаптар тараптар арасында 4,4 млн. теңге мөлшерінде қызмет көрсету бойынша шарт жасалғанына негізделді. Жауапкер 2 млн. теңге мөлшерінде берешегінің тек бір бөлігін төледі. 

Татуластыру рәсімдерінің нәтижелері бойынша тараптар дауды медиациялық келісім жасасу жолымен шешуге келісті.

Террористік актіге дайындалу фактісіне қатысты шығарылған үкім күшіне енді

21/12/2022

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты 2022 жылғы 28 қазанда ҚК-нің 179-бабының 1-бөлігі, 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының  1-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі және 255-бабының 1-бөлігі бойынша Ш.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып:

Ш. заңды күшіне енген сот актілерімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған уағызшылардың діни дәрістерін зерделеп, тыңдадаған.

А.Мұхамедиұлын күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

21/12/2022

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.