Архив событий

14/12/2022

Лифтіде жұбайын соққыға жыққан адамға қатысты үкім заңды күшіне енді

14/12/2022

2022 жылғы 3 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты Б. - ға қатысты жұбайы Ж.-ның денсаулығына аса қатыгездікпен (ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3) және 7) тармақтары) бірнеше рет орташа ауырлықтағы зиян келтіру және кінәліге көрінеу материалдық және кінәліге өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу және кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты ұрып-соғу (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтары) фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды.

Сот материалдық залал сомасын өтеу туралы дауды қарады

14/12/2022

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты РММ-нің бұрынғы қызметкерлері А. мен  К.-ге қатысты материалдық залал сомасын өтеу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Істің мән-жайларынан тараптар еңбек қатынастарында болғандығы белгілі болды.

Жауапкер А. жүргізуші және қоймашы лауазымдарын атқарған.

Жауапкер К. қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысына сәйкес 3,1 млн. теңгеге жетіспеушілік анықталған.

Сот шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот М.Жилинге қатысты уақытша қамаққа алу шарасын қолданды

14/12/2022

2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Есіл аудандық прокуратурасының өтініші бойынша Ресей Федерациясының азаматы М.Жилинге қатысты 40 тәулікке уақытша қамаққа алу шарасын қолданды.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.