Архив событий

02/12/2022

МАӘС судьяларына практикалық көмек көрсетілді

02/12/2022

2022 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының МАӘС-да Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Айман Майқыбаеваның қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында апелляциялық сатының судьясы бірінші сатыдағы сот актілерін түзетудің себептері мен негіздерін атап өтті, әкімшілік істерді қарау кезінде бірінші сатыдағы судьялардың жіберген қателіктеріне назар аударды.

Астана қаласының МАӘС судьясы Қымбат Алпысбаева сот актілерін түзету себептерін көрсете отырып, баяндама жасады.

Апелляция Кіші Талдыкөл бойынша істі қайта қарады

02/12/2022

2022 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының соты «Кіші Талдыкөл» көлдер тобының ісі бойынша елордалық әкімшілік соттың шешімін өзгертті.

Істің мән-жайы.

«Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы сотқа жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) әрекетсіздігін заңсыз деп тану және «Кіші Талдыкөл» көлдер тобында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ ЖАО-ның уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру және су қорының жерлерін елді мекеннің жерлеріне ауыстыру туралы қаулыларына дау айту туралы талап қоюмен жүгінді.

Мектеп қабырғасында кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу бойынша семинар өткізілді

02/12/2022

Астана қаласының №16 орта мектебінде 2022 жылғы 22 қарашада соттың өкілдері мен жоғары сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында жастар арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Спикер ретінде Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сөз сөйлеп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және жастарды есірткі бизнесіне тартуға байланысты қылмыстық істердің күннен күнге артып келе жатқанын атап өтті.