Архив событий

20/12/2022

Сот коммерциялық емес акционерлік қоғамын жер учаскесіне құжат беруге міндеттеді

20/12/2022

Азамат Ж. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруден бас тарту жөніндегі іс-әрекетіне дау айта отырып, талап қоюмен жүгінді.

Іс материалдарынан талап қоюшының сатып алу-сату шарты бойынша жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алғаны белгілі болды.

Сот зейнеткердің құқықтарын қорғады

20/12/2022

2022 жылдың маусым айында Т. «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үйді газдандыру бойынша біржолғы әлеуметтік көмек төлеу үшін арызбен жүгінген.

Мемлекеттік органның шешімімен Т. меншігінде екі тұрғын үйдің болуына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды.

Мемлекеттік орган әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарта отырып, А құжатындағы тұрғын үйдің аумағында орналасқан Б құжатындағы  екінші ғимараты да тұрғын үй екенін көрсеткен.

Сотта өндіріп алушының құқықтары қалпына келтірілді

20/12/2022

Мемлекеттік сот орындаушысы Л.-ның іс жүргізуінде  «Р» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 77,7 млн.теңге, 34,2 млн. теңге және 34,4 млн. теңге сомасын өндіріп алу туралы 3 атқарушылық іс жүргізу  болды.

2022 жылғы 3 маусымда сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды өндіріп алушыға қайтару туралы қаулы шығарды. Атқарушылық құжаттарды қайтару борышкердің мүлкі, оның ішінде өндіріп алуға болатын ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы жоқ екендігімен негізделеді.

Есірткінің заңсыз айналымы бойынша заңды қолдану мәселелері талқыланды

20/12/2022

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы А.А.Көлбаеваның төрағалық етуімен аудандық сот судьясының, аудандық прокуратура, ҰҚК Астана қаласы бойынша Тергеу департаменті және «Е» басқармасы, Астана қаласының Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті, Астана қаласының Орталық заң кеңсесі өкілдерінің қатысуымен «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы. Осы санаттағы істерді қарау кезінде туындайтын түйткіл мәселелер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сотта тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қалпына келтірілді

20/12/2022

К. тұрғын үй төлемдерін қарау және тағайындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын даулау және жауапкерді қолайлы әкімшілік акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы әскери бөлімге әкімшілік талап қойып,            2022 жылдың қазан айында әкімшілік сотқа жүгінді.

Талаптарға қолданыстағы заңнама шеңберінде біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін жауапкерге құжаттардың толық пакеті берілгені туралы уәж келтірілді. Алайда, жауапкер бір анықтаманың болмауына байланысты барлық құжаттар пакетін ресми негізде кері қайтарды.