Архив событий

08/12/2022

Жалған шот-фактураларды жазып берген тұлғалар сотталды

08/12/2022

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты 10 адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. Осы қылмыстық топ аса ірі залал келтіре отырып, жұмыстарды нақты орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беруді ұйымдастырғаны, сондай-ақ қылмыстық топты құрғаны, оған басшылық еткені, оған қатысқаны үшін және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша сотталды (ҚК-нің             262-бабының 1, 2-бөліктері, 28-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).