Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің қаулыларына шағымдану туралы әкімшілік талап қою қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Істің мән-жайлары

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-іне Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қаулыларының бір бөлігін даулау туралы 7 әкімшілік талап қою (барлығы 35 талап қоюшы) келіп түсті. Істер бір істі жүргізуге біріктірілген.

Вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу туралы, белгілі бір мерзімдерде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру туралы, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу туралы қаулылардың тармақтарына шағым келтірілді.

Талап қоюшылардың дәлелдері:

Қаулылар конституциялық нормаларды бұзады, өмірге қауіп төндіреді және денсаулыққа зиян келтіреді, адамдардың еңбек ету құқығын бұзады, COVID-19 вакцинасы тиісті түрде тексерілмеген.

Шешім

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-і 2021 жылғы 22 қыркүйекте бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 01, 14 шілдедегі, 2021 жылғы 02 қыркүйектегі қаулыларының бір бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы әкімшілік талап қоюларды қанағаттандырудан бас тартты.

Сот неліктен талап қоюдан бас тартты?

Сот қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтаған жоқ.

Азаматтардың еңбек құқықтары бұзылмаған, өйткені COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскер кепілдендірілген еңбек құқықтарын сақтайды, еңбек функцияларын қашықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Қаулылардың даулы тармақтары вакцинацияны ұйымдастыру мәселесін регламенттейді және вакцинаны алу міндетін жүктеу ретінде саралануға тиіс емес.

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығына қандай да бір вакцинаны жіберу препараттың қойылатын талаптарға сәйкестігін білдіреді.

Анықталған мән-жайлардың бәрін, жалпы әлемдік инфекциямен күресуге бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігін ескере келіп, сот бас санитарлық дәрігердің қаулыларын заңсыз деп тануға негіз жоқ деп тапты.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты