Архив событий

03/09/2021

Судьяларға практикалық көмек көрсетілді

03/09/2021

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті практикада іске асыру кезінде құқық қолдану мәселелері туындайды.

2021 жылдың 3 қыркүйегінде судья Ардақ Балагумарова елордалық әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен семинар өткізді.

Кездесу барысында істердің әкімшілік соттың соттылығы мен ведомстволық бағыныстылығы, дауларды сотқа дейін реттеу және татуластыру рәсімдерін жүргізу мәселелері талқыланды.

Судьялар жаңа кодекс нормаларын қолдану бойынша өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, практикалық мысалдармен бөлісті.

Алқа төрағасы Нұр-Сұлтан қаласындағы МАӘС-да кеңес өткізді

03/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС судьяларымен 2 айдағы жұмыс қорытындыларын талқылады.

Кеңес барысында статистикалық деректер келтіріліп, талаптарды қарау нәтижелері нақтыланды.

Талап-арыздарды қайтару себептері мен негіздеріне, татуласу арқылы дауларды аяқтау перспективаларына, сот актілерін жасау сапасына ерекше назар аударылды.

Судьялар жаңа кодекс нормаларын іс жүзінде қолдану мысалдарымен, әкімшілік істерді қарау және әкімшілік әділет қағидаттарын іске асыру ерекшеліктерімен бөлісті.