Архив событий

28/09/2021

Сот материалдық залалды өндірді

28/09/2021

К. материалдық залалды өндіріп алу туралы П. - ға талап қойып, сотқа жүгінді.

Өзінің талаптарын негіздеу үшін талап қоюшы жатақхана ғимаратының төбесіндегі қар мен мұздың еруі салдарынан оның көлік құралының зақымданғанын атап көрсетті.

Сот анықтағандай, ғимараттың меншік иесі Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі шешімімен бекітілген «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларының» 60-тармағын бұзып, шатырды тазалау бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асырмаған.

Қойылған талап Сарыарқа аудандық сотының шешімімен қанағаттандырылды.

Сот тұтынушының құқығын қорғады

28/09/2021

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұтынушы тауардың тиісті сапасына,  тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге құқылы. Сатып алушы сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтаруға және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.