Архив событий

08/09/2021

Мұрагерлердің құқықтары қалпына келтірілді

08/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық соты апалы-сіңлілі С.-ның өсиетті жарамсыз деп тану туралы азаматша Б. - ға, нотариусқа қойған талабын қарады.

Қойылған талапқа сәйкес олардың туған әпкесі Г. қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері болып табылатыны туралы уәж келтірілген. Олардың әпкесі инсульт алған, іс жүзінде жүріп-тұрудан қалған адам болғандықтан  сырт адамдардың көмегіне мұқтаж болған. Осыған байланысты апалы-сіңлілі адамдар күтуші әйел Б. - ның қызметін пайдаланған. Ол Нұр-Сұлтан қаласында басқа тұрғын үйі болмағандықтан әпкесінің пәтерінде тұрақты бірге тұрған.