Архив событий

17/09/2021

Сотта сот актілерін орындау тәртібі талқыланды

17/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық сотында 2021 жылғы 17 қыркүйекте сот төрағасы Н.С. Шамиевтің, судья А.Г. Ерғалиеваның, Нұр-Сұлтан қаласы атқару округінің жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері А.С. Өтегеновтің, М.С. Жанасаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында сот актілерін орындау тәртібі, атап айтқанда, алиментті өндіріп алу, сондай-ақ борышкерлерді мәжбүрлеп күштеп әкелуге санкция беру, борышкерлердің шығуына уақытша тыйым салу мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьялары үшін семинар өткізілді

17/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен алқа судьялары Гүлнар Әбдірахманова,  Сара Қаракөзиева елордалық әкімшілік сотқа келді. 

Семинар барысында істерді апелляциялық сатыға жіберу мерзімдерін сақтау, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану заңдылығы және татуласу туралы келісімдерді бекіту мәселелері талқыланды. 

Судьяларға әкімшілік істерді тараптардың құқықтарын сақтау үшін апелляциялық алқаның қарауына Тараптардың жеке және апелляциялық шағымдарымен уақтылы жіберу қажеттілігі туралы айтылды. 

Залалды өндіру туралы дау бейбіт жолмен аяқталды

17/09/2021

Сарыарқа аудандық соты сақтандыру өтемі мен жол-көлік оқиғасы салдарынан нақты келтірілген залалдың арасындағы айырмашылықты өндіріп алу бойынша дауды медиация тәртібімен реттеді.

Сотта анықталды.

Ағымдағы жылы талап қоюшы мен жауапкер-кәсіпорын автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен аталған кәсіпорынның жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі деп танылды.