Архив событий

22/09/2021

Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің қаулыларына шағымдану туралы әкімшілік талап қою қаралды

22/09/2021

Істің мән-жайлары

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-іне Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қаулыларының бір бөлігін даулау туралы 7 әкімшілік талап қою (барлығы 35 талап қоюшы) келіп түсті. Істер бір істі жүргізуге біріктірілген.

Вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу туралы, белгілі бір мерзімдерде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру туралы, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу туралы қаулылардың тармақтарына шағым келтірілді.

Әкімшілік талап қоюлардың ерекшеліктері

22/09/2021

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) 2021 жылғы 01 шілдеде енгізілгеннен кейін жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарайтын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

Соттардың қарауына белгілі бір адамдардың жария билік органдарымен (салық, кеден, бюджет, тұрғын үй, жер даулары, сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану және т.б.) құқықтық қатынастарындағы оларға тиесілі құқық жөніндегі даулар жатады.

Сот кепілге салынған мүлікті өндіріп алуды қолдану туралы банктің талаптарын қанағаттандырусыз қалдырды

22/09/2021

Банк сот шешімі бойынша берешекті жауапкердің толық көлемде өтемегенін дәлелдей отырып, кепілге салынған мүлік – пәтерге өндіріп алуды қолдану туралы талап қойып, сотқа жүгінді. Талап қою кезінде берешек сомасы 258 858,37 теңгені құрады.

Жауапкер берешек сомасын жоққа шығармады.

Елорданың ювеналды сотында дөңгелек үстел өтті

22/09/2021

2021 жылғы 22 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі іс жүргізу мемлекеттік тілде" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.