Архив событий

16/09/2021

Тұрғын үй алу құқығы қалпына келтірілді

16/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-да  «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ шешімін даулау туралы әкімшілік іс қаралды.

2012 жылдан бастап азаматша Г. «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша кезекте тұрды.

Уәкілетті органның бұйрығымен, қыз басқа елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кезектен шығарылды.

Істі қарау барысында, талапкер барлық уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, оның тұрақты жұмыс орны болғаны анықталды.

Апелляция «СК-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасын кінәлі деп таныды

16/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 4 тамыздағы үкімімен «СК Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Б. Шәріп қызмет бабын теріс пайдаланды деген айыптау бойынша ақталып (ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) және оған қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл түріндегі жазаға кесілген болатын (ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі).

Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, Б. Шәріптің әрекеттерінен қызмет бабын теріс пайдалану фактісін анықтады.

Сот нені анықтады

Сот қызметкердің құқығын қалпына келтірді

16/09/2021

Алматы аудандық соты жұмыс орнында себепсіз болмауына байланысты жұмыстан босатылған коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерін бұрынғы қызметіне қайта орналастырды.

Сот акт жасалған кезде жұмыс берушіге талап қоюшының орналасқан жері туралы анық белгілі болғанын анықтады. Талап қоюшы осы кезде ауызша келісім бойынша Басқармаға іссапарға жіберілген.

Сот іссапарға жіберу туралы бұйрықтың болмауы жұмыстан шығару үшін негіз болып табылмайды деп санайды. Өйткені талап қоюшы жоғары басшылықтың тапсырмасын орындаған.

Сот моральдық зиян өтемақысын өндірді

16/09/2021

Әділеттілік идеясы дәлелді; ол моральдық заңдардан, ақыл заңдарынан және жұртшылықтың өмірінен туындайды; әділеттілік – бұл өмірдің керметтеріне толы сөз» (А.Барбус).

2021 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралып, талап жартылай қанағаттандырылды.

Жауапкер дәрігердің кабинетінің жанында болған кезде басқа пациент, яғни талапкердің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. Құқық бұзушының кінәсі сот – медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

Сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы дау сотта шешілді

16/09/2021

Есіл аудандық соты сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы сақтандыру төлемдерінің сомасымен келіспей, сотқа жүгінді және сақтандыру компаниясының калькуляциясымен белгіленген мөлшерден асатын қалпына келтіру жөндеу сомасы туралы қорытындылары бар деген есепті ұсынды.

Сот көлікті қалпына келтіру құнын анықтайтын сот сараптамасын тағайындады.

Әділдік қалпына келтірілді, талапкер сақтандыру өтемінің тиісті сомасын алды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Елорда тұрғыны құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады

16/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау фактісі бойынша әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі).

Азамат А.С. Ахмедьяров «Шығыс» ТК жанында құрылыс нысанында жүріп, құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады.

Сот отырысында А.С. Ахмедьяров кінәсін мойындамады. 

Соттың 2021 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Елорда тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл төлейді

16/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Азамат А.С. Ахмедьяров «Шығыс» ТК жанында құрылыс объектісінде болған кезде азаматша Л.-ға қатысты балағат сөз айтқан. Ол осылайша қоғамға көрінеу құрметтемеушілік білдіріп, ұсақ бұзақылыққа жататын заңсыз әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында А.С. Ахмедьяров кінәсін мойындады.

Сот коммуналдық желілерді иесіз деп тану туралы дауды шешті

16/09/2021

Нұр-Cұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты коммуналдық желілерді иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп таныды.

2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі сотқа қаланың лоток-арық желілерін иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында жергілікті атқарушы органдар апатты жағдайларды жою барысында, тұрақты қызмет көрсетуді қажет ететін иесіз мүліктерді кезіктіруде, ал бұл елорда жолдары мен көшелерін су басуына әкеп соқтырады.