Архив событий

09/09/2021

Судьялар ӘРПК нормаларын түсіндіруде

09/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласының соты "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" РММ (Комитет) алаңында санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша "дөңгелек үстел" өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев, Комитет төрағасы Берік Нәжімеденов, Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС судьялары, Комитет қызметкерлері қатысты.