Архив событий

30/09/2021

Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

30/09/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова онлайн режимде Алматы ауданының пробация қызметінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, соттың үкімдерін уақтылы орындау – олардың ең басты міндеті екенін айтты. Кездесу кезінде соттың төрағасы пробация қызметінің жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті және олардың  жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға және тағайындалған жаза мерзімін қысқартуға қатысты ұсыныстары бойынша дәлелдемелер жинаудың сапасына назар аударды.

Аймақтық соттылықтың тәртіптері

30/09/2021

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік істер әкімшілік актінің шығарылған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.

Осы актілерді Z. және H. қабылдағаны, ал Y.- ның бұл актілерге ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Z. және H. басқа өңірлерде, ал Y. елордада тұрады.