Алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылғы 7 қыркүйекте А. - ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Кім сотталды

«А.» ЖШС-нің бас директоры А. алдау жолымен 97 140 000 теңге сомасындағы ақшаны иемденгені (ҚР ҚК-нің 190-бабы) және Ц. - ны (жеке кәсіпкер), Ж. - ны (Шымкент қаласының өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінің ректоры) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлеріне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министріне 55 000 АҚШ доллары, 60 000 000 теңге сомасында пара беруге көндіргені (ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі) үшін айыпталды.

Соттың анықтағаны

А. лауазымды адамға пара беруге айдап салып алаяқтық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі бойынша).

Сотталушының кінәсі қалай дәлелденді

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, ұялы телефоннан алынған хат-хабарлармен, А. - ның пара беруге көндірген адаммен телефон арқылы сөйлесулерін тыңдау нәтижелерімен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушы А. - ға түпкілікті 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап сотталушыны кінәсіздігіне байланысты осы айыптау бойынша ақтауды сұрады.

Сот неге және қандай жаза тағайындады

Сот заңда көзделген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды     (ҚК-нің 53-бабы), яғни айыпталушының кәмелетке толмаған жас балаларының барын,  ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын (ҚК-нің 54-бабы) ескерді.

Жасалған қылмыстың мән-жайын және олардың ауырлығын ескере отырып, сот А. - ны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот А. - ға мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты