Сот Астана қаласы ЕБКБ экс-қызметкерлерін соттады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 04 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот У., К., К., У., Ч., Х. айыптау бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот Астана қаласы ІІД ЕБКБ бастығы У. және жедел уәкілдері К., К. және «И» 2013 жылы қылмыстық топ құрғанын, олар Астана қаласы аумағында есірткі заттарын сату үшін «С» қылмыстық тобын қамқорға алғанын және жәрдем бергені анықтады.

«В» басшылық еткен  және олардың «Е», У. және Ч.  қатысушылары бар «С» қылмыстық тобы елорданы героинмен қамтамасыз етіп отырған, кейін оларды есірткіге тәуелді адамдарға аздаған партияларымен сатып отырған.

Сот үкімімен У. және К. ҚР ҚК-нің  262-бабының 3-бөлігімен, 28-бабының 5- бөлігімен, 297-бабының 4- бөлігімен, 361-бабының 4- бөлігімен 1-тармағымен. К. ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігімен, 28-бабының 5- бөлігімен, 297-бабының 4-бөлігімен, 361-бабының 4-бөлігімен 1-тармағымен, 362-бабының 2-тармағымен кінәлі деп танылды,  У-ға  қатысты қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды,  К. және К.-ға қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Барлық сотталғандар полиция қызметкерінің арнайы атағынан айырылды.

Осы үкіммен  У., Ч. және Х. ҚК-нің 262-бабының 2-тармағымен, 297-бабының 4-тармағымен кінәлі деп танылды, оларға тиесілі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  15 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Жасаған қылмыстарының ауырлығына қарай, барлық сотталушыларға қатаң тәртіптегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі