Архив событий

18/01/2017

Сарыарқа аудандық сотында имидждік ролик түсірілімдері өтті

18/01/2017

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында имидждік ролик түсірілімдері жүргізілді.

Түсірілім барысында судьялар тілшілерге судьялар және кеңсе жұмыскерлері жұмысының маңыздылығы мен қиындықтары, соттың жетістіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, қолданыстағы азаматтық-процестік заңнаманың және сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялардың ерекшеліктерін түсіндірді.

Сот «Астана-тазарту» ЖШС-нен қарызды өндірді

18/01/2017

2013 жылдың қазан айында «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ мен «Астана-тазарту» ЖШС арасында арнайы техниканы жалдау шарты жасалды.

Шартқа сәйкес жалға алушы береді, ал жалдаушы мүлікті мүліктік жалдауға қолдану үшін коммуналдық қалдықтарды тазалау мақсатында меншік құқығынсыз алады.

Алайда жауапкер жалға алғаны үшін ақы төлемеген және техника талапкерге қайтарылмаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қарыз өндірілді.

Сот шешімдерін орындау – міндет

18/01/2017

Сот билігінің беделі шығарылған сот актілеріндегі азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары қаншалықты қорғалғанынан ғана емес, сонымен қатар сот актісінің уақтылы орындалуына да байланысты.

Бүгін атқарушылық іс жүргізу бойынша мәселелерді талқылау мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізлді.

Сарыарқа аудандық сотында электрондық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері талқыланды

18/01/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары К.Елибаев, Жоғарғы Сотының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі С.Омаш, Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысы Р.Тауымбеков, сот төрағасы А.Жүкеновтың және  сот судьяларының қатысуымен электронды сот ісін жүргізуге көшу мәселелері талқыланды.