Архив событий

17/01/2017

Дауласушы екі тарап сотта бітімге келді

17/01/2017

2015 жылы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкері азамат Ж.-ның кінәсі бойынша жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде азамат Б.-ның автокөлігіне зақым келіп, бірталай залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оның шарттары бойынша жауапкер ЖКО нәтижесіндегі көлікке келтірілген  залалды, жөндеу жұмыстарына кететін

соманы төлеуге міндеттенді. Ал, талапкер өз кезегінде талап арыздан бас тартатын болды.

Есіл аудандық сотында дәріс сабағы өтті

17/01/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиевтің басшылығымен сот судьялары мен манандарының қатысуымен «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дәріс сабағы өтті.

Сот төрағасы Д. Әбдіғалиев өз сөзінде, мемлекет мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру жүйесін құруда. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейі «Қазтест» бағдарламасының негізінде анықталады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың құқықтық негіздері, негізгі қағидалары

17/01/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында кеңсе меңгерушісі К.К.Оспанованың басшылығымен сот мамандарының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың құқықтық негіздері, негізгі қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өтті.  

Астана қаласы Есіл аудандық сотында брифинг өткізілді

17/01/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында 2016 жылғы сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы соттың сандық және сапалық көрсеткіштерін жариялады. Мәселен, 2016 жылы сотқа 7 467 талап арыздары келіп түскен, 4 704 іс бойынша шешім шығарылды. Ал 2015 жылы сотқа 5 335 талап қою арызы келіп түссе, 2 799 іс бойынша шешім шығарылды.