Архив событий

13/01/2017

Қалалық сот судьялары аудандық сот төрағасын құрметті отставкаға шығарып салды

13/01/2017

Астана қаласы сотының ұжымы Сарыарқа ауданының №2 сотының төрағасы Е.Д. Тасыровты құрметпен отставкаға шығуымен құттықтады.

Е.Д.Тасыров сот жүйесінде 29 жыл жұмыс істеген.

Салтанатты жиында сот төрағасы Е.Т. Бәрпібаев Астана қаласы сот корпусының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Е.Д.Тасыровқа өзінің алғыс лебіздерін білдіріп, оған денсаулық және отбасына жақсылық тіледі.

Елордалық сотта жаңа судьяларды таныстыру рәсімі өтті

13/01/2017

Елордалық сотта Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаев Астана қаласының аудандық және оларға теңестіріліген соттарында жаңа тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 Жарлығымен Алматы ауданының № 2 сотына Мелдебаев Н.А., Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Шалабаев О.С. және  Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Макарьина Д.Х. судья лауазымына  тағайындалды.

Депутаттар ювеналдық сотта

13/01/2017

Бүгін Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары  С.Ф. Бычковамен және К.С. Мусинмен кездесу өтті.

Іс-шараға сот төрайымы Раззак Н.Р. және судья Алпысбаева Ж.К. мен мамандар, психолог және медиатор қатысты.

Келтірілген залал үшін сот 4 млн. теңгеден астам соманы өндірді

13/01/2017

2014 жылы «К» АҚ-мен  «К» ЖШС араларында контейнерлерді жалға беру туралы шарт жасалған.  Қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес, жауапкерге белгілі бір мерзімге иелікке және пайдалануға  контейнерлер берілген.

Алайда, жауапкер контейнерлерді қажетіне сай пайдаланбай, олар Алматы қаласында техникалық жарамсыз күйде болған. Осыдан кейін талапкер берешек сомасын  және контейнерлерді қайтару туралы жауапкерге хат жолдаған.

Сотта анықталғанындай, жауапкер контейнерлерді жарамсыз күйде қайтарған.

Есіл аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың механизмін талқылады

13/01/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын зерделеу» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Д. Әбдіғалиев өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктері туралы айтты.

Ағайындылар ірі мөлшерде мүлік ұрлығын жасағандары үшін сотталды

13/01/2017

2016 жылғы 24 қыркүйекте ағайынды В. және Д. Астаналық тіс емханасының қызметтік үй-жайына заңсыз кірген және жәбірленуші Н-ге тиесілі ірі мөлшердегі мүлікті ұрлаған.

Сот талқылауы барысында сотталушылар оларға тағылған айыпты толық көлемде мойындады және толығымен материалдық залалды жәбірленушіге қайтарды.

Алматы ауданының №2 сотының үкімімен В. және Д. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оларға 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар

13/01/2017

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісінің м.а. М.Сембеков және сот отырысының хатшылары, сот мамандары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның өтілуі барысында кеңсе меңгерушісі м.а. М.Сембеков көрсетілген тақырыпта баяндама оқыды.

Экономикалық сот қарыз сомасын жауапкерден өндірді

13/01/2017

2015 жылы «Ю» ЖШС-мен  «W» ЖШС араларында диллерлік туралы шарт жасалды, оған сәйкес талапкер одан әрі сатуы үшін тауарды жеткізген, ал жауапкер өз кезегінде тауарға төлем жасауы тиіс болған.

Алайда, тараптар қол қойған және мөрмен бекітілген, өзара есеп айырысу салыстырма актісіне сәйкес, жауапкердің талапкер алдында берешек сомасы жиналған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы мен тұрақсыздық сомасы өндіріп алынды.