Архив событий

11/01/2017

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестін мүшелері жиналыс өткізді

11/01/2017

Бүгін елордалық сотта өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес Астана қаласының жанында судья лауазымының бос орындарына  кандидаттарды талқылау жөнінде отырыс өткізді.

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі ұсынған тізімдер негізінде, судья лауазымына бос орындар конкурсына қатысқан  10 кандидаттың материалдары қаралды.

Судья лауазымына бос орындарына кандидаттардың қатарынан 7 кандидат оң және 1 теріс қорытындысын алды.

Есіл аудандық сотында сот төрелігін жүзеге асырудың 2016 жылдың қорытындылары туралы

11/01/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот судьялары мен мамандарының қатысуымен отырыс өткізіліп, онда Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрелігін жүзеге асырудың 2016 жылдың жұмысын қорытындылады.

Өз сөзінде сот төрағасы Д. Әбдіғалиев өндірісі аяқталған азаматтық істердің өскендігі туралы айта кетті. Атап айтқанда, 2015 жылдың 12 айында барлығы 5 014 азаматтық іс аяқталса, 2016 жылдың 12 айында – 7 305 іс аяқталған, яғни 32% өсіп отып.

Банк берешек сомасын сот арқылы өндіріп алды

11/01/2017

2006 жылдың қазанында АҚ «Нұрбанк» және ЖШС «Багути» арасында несие жүйесінің ашылуы туралы келісім бекітілді.

Сот талқылауы барысында банктің жауапкерге акцессорлық келісім бойынша ақша қаражатын бергендігі анықталды.

Келісім міндеттемелерін бұзуда жауапкер акцессорлық келісім бойынша  қарыздарды өтеу кестесін бұзуға жол берген.

АК-нің 272-бабына сәйкес, міндеттеме тиісті түрде, міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.