Архив событий

10/01/2017

Астана тұрғыны «Не загораживайте выход» деген жазу үшін залал сомасын өндіріп алды

10/01/2017

Ер адам өзіне тиесілі автомобильді астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жанына қойған. Қайтып келгенде ол автомашинаның жүргізуші жағындағы есіктерде қолмен зақым келтірген «не загораживайте выход» деген жазуды анықтаған.

Осыдан кейін, полицияға хабарласып, болған жайтты айтқан.

Құқық қорғау органдарымен әйел адамның – (іс бойынша жауапкер) өтетін жолда тұрған автомашинаны көріп есігіне «не загораживайте выход» жазуды қалдырғаны, осылайша ол автомашинаға зақым келтіргені белгіленген.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

10/01/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында кеңсе меңгерушісі К. Оспанованың төрағалығымен сот мамандардың қатысуымен «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түрнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде ресімдеуді қамтамасыз ету екендігін айта өтті.

Экономикалық сот берешекті өндіріп алды

10/01/2017

2013 жылы  «Граниковское» ЖШС мен «Греса» ЖШС араларында сату-сатып алу шарты жасалды, оның шарттары бойынша талап қоюшы 5- сұрыпты бидай дәнін жеткізуге, ал жауапкер тиісті түрде тауарды алуға және төлем жасауға міндеттелінді.

Сотта, талапкер шарт бойынша міндеттемесін толық көлемде шарт бойынша орындағаны белгіленген. Жауапкердің атына 23 014 200 теңге сомасына тауар жеткізілгені, алушының қол қойған шығыс жүкқұжатымен расталады.

Сот «Казгидромет» РМК-ның талап арызын қанағаттандырды

10/01/2017

Астана қаласының маманданыдырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Казгидромет» РМК –ның «Аубакиров» ЖК-не қатысты  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Меломан Home Video» экс-жұмыскерінен сотты жеңді

10/01/2017

2015 жылы аз. А. «Меломан Номе Video» ЖШС-на жүргізуші ретінде жұмысқа қабылданды. Оған еш ақаусыз жарамды күйде «Daewoo Nexia» маркалық автомобиль берілген болатын.  

2016 жылы комиссия талапкердің жұмыскерлерінің қатысуымен автомобильдің тексеруін өткізді. Тексеру нәтижесінде автомобильдің зақымданған жерлері анықталып, тиісті акт толтырылды. 

Еңбек кодексінің 123-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс берушіге нақты келтірілген залалды өтеуге міндетті.