Архив событий

04/01/2017

Экономикалық сот медиативті келісімді бекітті

04/01/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» ЖШС-ның «Н» ЖШС-на 68 700 386 теңге берешегін өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері дауды судьяның әрекет етуімен  медиация тәртібінде реттеу мүмкіндігі туралы арызбен жүгінді. Келісім шарты бойынша жауапкер белгіленген уақытта талапкерге берешек сомасын төлеуге міндеттелінді.

Сот ұйғарымымен азамттық іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылды.

Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

04/01/2017

Сот отырысы кезінде 2016 жылы 25 шілдеде тараптардың арасында тауарды сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды. Шартқа сәйкес, жауапкер тауарды жеткізуге, ал  талапкер қабылдап төлеуге міндеттенген.

Сотта 2016 жылғы 5 қыркүйекте жауапкер тауарды жеткізгені, алайда талапкер жеткізілген тауардың сапасы талапқа сәйкес емес және оны ауыстыру қажет екені туралы жауапкерге хат жолдаған. «А» АҚ-ның  тауар-материалдық құндылығын қайтару актісіне сәйкес  қайта шығарылған, бірақ жауапкер «К» ЖК тауарды ауыстырмаған.