Архив событий

09/01/2017

Депутаттың Астана қаласы әкімшілік сотының судьяларымен кездесуі

09/01/2017

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. Козловпен кездесу өтті.

Іс-шараға Астана қалалық сотының судьялары Ақтайлақов К., Әлімбаева С., Омарбекова М., Айтқалиева К., сот төрағасы және судьялар қатысты.

Сот мүлікті ауыртпалықтан босату туралы талап арызды қанағаттандырды

09/01/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты азамат А-ның «Golden Astana KZ» ЖШС-на мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай, тараптар сатып-алу шарт жасасқан, оған сәйкес талапкер жауапкерден  «Lexus» маркілі автокөлікті сатып алған.

Алайда, ЖШС мүлкіне салынған шектеулерден талапкер өз құқығын пайдалана алмайды және мүлік сатып алу меншік құқығын тіркей алмайды. Осыған байланысты талапкер сотқа арызданған.

Сот медиативтік келісімді бекітті

09/01/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты соты аз.Т. жауапкер аз.Н-ға қатысты айырбас шартын жасасуды міндеттеу және кепiлпұлды қайтару туралы азаматтық істі қарады.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиативтік өтінішхатпен жүгінді, оған сәйкес жауапкер 7 350 000 тенге көлеміндегі қарыз сомасын төлеуге міндеттелді, ал талапкер өз кезегінде жауапкерге қатысты барлық талаптардан бас тартты.