Қоғамдық автобуста ұрлық жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы 2 тамыз күні азамат К. №3 автобус салонында Д.-ға тиесілі «Iphone 4S» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.

Сот талқылауы барысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату жөнінде ходатайство түсті.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаулысымен К. қатысты  қылмыстық іс ҚР ҚК 188 бабы, 1б. бойынша келтірілген зиянның орны толтырылуына және тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі