Сот жүйесінің халық үшін қолжетімділігі мен жариялылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында елорда тұрғындарына «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы А.Жүкенов және судья әдебі жөніндегі Комиссия мүшесі, судья А.Тлеубаева қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Азаматтардың өтініштері  қарыз сомасын өндіріп алу саласындағы азаматтық-құқықтық реттеу, еңбек заңнамасы, сондай-ақ, сот қызметі бойынша мәселелерге қатысты болған.

Азаматтардың барлық сұрақтарына төраға толыққанды жауап берді. Сонымен бірге, А.Жүкенов  татуластыру рәсімін қолдану жолымен азаматтық істерді қысқарту мүмкіндігін атап өтті. Медиация тәртібінде дауларды шешу тиімділігі төленген мемлекеттік бажды қайтару, азаматтардың уақытын және шығындарын үнемдеуде екенін айтты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі