Архив событий

20/02/2017

БАҚ және қоғаммен табысты өзара іс – қимыл

20/02/2017

Елордалық сотта БАҚ өкілдерімен жұмыс жасайтын аудандық соттардың мамандарына «БАҚ және қоғаммен табысты өзара іс – қимыл» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді.

Семинар – тренингтің модераторы ретінде БАҚ –пен өзара жұмысты үйлестіруші  судья  С.М.Әлімбаева сөз сөйледі.

Іс-шара мамандарды  іскерлік ақпаратты  өңдеу, жинау және таратудың  негізгі әдістерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

430 шетелдік тұлға көші – қон заңнамаларын бұзған

20/02/2017

Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті сәйкесінше қамтамасыз ету, және елордаға заңсыз келген тұлғаларды анықтау мақсатында «Мигрант» қалалық шұғыл профилактикалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс – шара барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының көші – қон заңнамаларын бұзған, сонымен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғаларды анықтау бойынша шара қолданды.

Ағымдағы жылдың 15 және 16 ақпан аралығында Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 430 шетелдік тұлға көші – қон заңнамаларын  бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

20/02/2017

Астана қаласы Алматы аудандық соты төраға және сот мамандарының қатысуымен Ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасы  Г.Насирдинов, бұл іс- шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот әділдігіне  қол жеткізу мақсатында өткізілгендігін атап өтті.

Азаматтардың барлық жүгінулері мен сұрақтары бойынша  қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Елордалық сапаржайда көшпелі сот отырысы өткізілді

20/02/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы К.Ж.Архабаева, прокурор К.Г.Абдиханованың қатысуымен сапаржайдың мәжіліс залында көшпелі сот отырысын өткізді.

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ барлық ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік шыдамдылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында, судьямен ҚР ӘҚБТК 434, 44, 73 баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралды.

 

Мемлекеттік сатып алумен байланысты дауларды қараудың ерекшеліктері

20/02/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алумен байланысты дауларды қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Мемлекеттік сатып алу Комитеті, ҚР Ұлттық Ұланының өкілдері, Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары және  Астана қаласының прокуроры қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья А.Джакупов мемлекеттік сатып алумен байланысты дауларды қараудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Есіл аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

20/02/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында мамандар үшін «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Аталған тақырып бойынша бас маман К.К. Ыдырышева сөз сөйлеп, аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтіндігін айта кетті.

 Семинар сабағы соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.        

 

ҚазМЗУ студенттері үшін дәріс

20/02/2017

          Астана қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы Д.Ә.Әбдіғалиев «ҚазМЗУ  университеті» АҚ студенттеріне «Ведомстволық және соттылық» және «Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері» тақырыптарында дәріс сабағын өткізді.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін 20 АЕК

20/02/2017

2017 жылы 5 қаңтарда С. Алматы аудандық сотының ғимаратында сот отырысының хатшысы және прокурордың қатысуымен судьяға құрметтемеушілік көрсеткен.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен С. ҚР ӘҚБК-нің 653 бабы, 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Гендерлік саясат

20/02/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Кеңсе меңгерушісі К.Оспанова, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында әлдеқайда алға жылжығанын атап өтті. Күнделікті өмірдегі әйелдердің әл – ауқаты қоғамға жақсы жағынан әсер ететіндігі және жалпы алғанда адамзат дамуының көрсеткіші болып табылатындығы айтылып, әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау бойынша сұрақтарға ерекше назар аударылды.

Сот отырысы бейнеконференц байланыс арқылы өткізілді

20/02/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында азаматтық іс бейнеконференц байланыс  арқылы online-режимде қаралды.

Талапкердің өкілі Астана қаласынан тыс жерде болуына байланысты, сот отырысты бейнеконференц байланыс арқылы жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Сот отырыстарын бейнеконференц байланыс арқылы жүргізу сот өндірісін оңтайландырып, жақтардың заңнамамен көзделген азаматтық-процестік құқықтарын сақтай отырып, істерді қарау мерзімін жеделдетеді.