Архив событий

09/02/2017

Сот «Белый Ветер» дүкенінен сапасыз телефон үшін залал сомасын өндірді

09/02/2017

         2016 жылы ер адам «Белый Ветер» электронды дүкенінен банкте несие рәсімдеу арқылы «Xiaomi» маркалы телефонын сатып алады.

         Бірақ сатып алғаннан кейін телефон жұмыс істемеген. Жауапкер тұтынушының техникалық қорытынды негізінде кепілдік қызмет бойынша ақауды жою немесе ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандырусыз қалдырған.

         Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты тұтынушының пайдасына 173 300 теңге көлемінде смартфонның бағасын өндіріп берді.

Бортсерігіне тиіскені үшін тәулікке қамауға алынды

09/02/2017

2016 жылы 30 желтоқсанда "Эйр Астана" әуе кемесінің бортында ер адам мас күйінде бортсерігіне тиіскен.

Өзінің әрекеттерімен құқық бұзушы азаматшаның ар–намысын таптаған, төңірегіндегілерге сыйластық білдірмеген және  қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚК-нің 434 бабы 1 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 тәулікке қамауға алу әкімшілік жазасы кесілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Азаматтық-құқықтық дауларды шешуде медиацияны қолдануды дамыту

09/02/2017

        Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Азаматтық – құқықтық дауларды шешуде медиацияны қолдануды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Іс шараға сот төрағасы Д.Ә.Әбдіғалиев және судьялар, Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасының өкілдері, Астана қаласы адвокаттар коллегиясының адвокаттары, «Медиацияны дамыту орталығы» МҚБ, «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі қатысты.

Аудандық және оларға теңестірілген соттарда құжат толтыру ережелері

09/02/2017

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта сот төрағасы, судьялар, кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен «Аудандық және оларға теңестірілген соттарда құжат толтыру ережелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Т.Абиятова іс шара қатысушыларын кіріс құжаттарын рәсімдеу және келесіде беру тәртібімен, сонымен бірге «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне келіп түскен құжаттарды тіркеу және орындау бойынша ерекшеліктермен таныстырды.

Экономикалық сотта семинар сабағы өткізілді

09/02/2017

Астана  қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы А.Жұмағұлов пен судьялардың қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы барысында судья Г.Ищанова «Сот актілерін жаңадан ашылған  немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу (сот тәжірибесі)» тақырыбында баяндама оқыды.