Архив событий

07/02/2017

Тергеудегі судьялар қызметінің электрондық сот ісін жүргізу бойынша пилоттық жобасы

07/02/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері «Азия-Софт» ЖШС-мен бірлесіп тергеудегі судьяның қызметін электрондық сот төрелігінің пилоттық жобасын енгізу жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Бұрынғы студент білім беру гранты бойынша қарызды өтейді

07/02/2017

«Қаржы орталығы» АҚ-ы азамат У-ға қатысты мемлекеттік білім алу несиесі бойынша қарыз бен тұрақсыздық өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай,  2000 жылы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Қаржы орталығы» АҚ-ы арасында үш тарапты несие келісімі бекітілген.

Келісімге сәйкес талапкер студент – несие алушының оқуы үшін  ЖОО-ға қаражат аударған.

«MrBingo» клубы суреттерді заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы төлейді

07/02/2017

Елорда тұрғыны «MrBingo» клубында 1 ай даяшы қызметінде жұмыс жасаған. Бір айдан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан.

         Жұмыстан шыққаннан кейін, кездейсоқ клуб жанындағы баннерде өзінің даяшы киіміндегі суретін көреді.

         Алайда, баннердегі сурет оның келісімінсіз орнатылған.

         Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, қандайда бір суретті тұлғаның келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің келісімінсіз  пайдалануға құқығы жоқ.

Пәтер алаяғы Астанада

07/02/2017

2016 жылы 5 қазанда сотталушы «Вконтакте» сайтында орналасқан хабарлама бойынша Астана қаласынан бір бөлмелі пәтерді 6 мың теңгеге бір тәулікке жалдайды.

            Бұдан әрі, сотталушы пайдакүнемдік мақсатында өз атынан әлеуметтік желілерде хабарландыру беріп, пәтерді өзінің жеке жылжымайтын мүлігіндей басқа адамдарға 70 000 теңгеге ұзақ мерзімге жалға береді.

            Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының қаулысымен жәбірленушімен татуласуына және зиянның орны толтырылуына байланысты медиация тәртібімен іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Beautymania» күзетшісі 2 миллион теңге тұратын парфюмерия ұрлады

07/02/2017

Азамат Р. "Beautymania" дүкенінде ұзақ уақыт күзетші болып жұмыс істей отырып, 2 051 504 теңге болатын парфюм өнімін жасырын ұрлаған.

         Сотта сотталушы өзіне тағылған кінәні толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.Келтірілген зиянды өтеді.

Электрондық атқару парақтарын жіберу және қалыптастыру

07/02/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы атқару өндірісі органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электронды атқару парақтарын жасау және жіберу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Донской аталған жүйенің сот орындаушыларының ақпаратты іздеуде уақытын үнемдеуге және  қызметкерлерге сот актілерін орындау бойынша өзінің функцияларын жедел орындауға мүмкіндік туғызатындығын атап көрсетті.