Архив событий

10/02/2017

Электронды түрде бұйрық арқылы іс жүргізумен істерді қарау барысында пилоттық жобаны қолданысқа енгізу

10/02/2017

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 31 наурызына дейін  Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында азаматтар құжаттарды қағаз нұсқасында ұсынбайтын, бұйрық арқылы іс жүргізу істерін электронды түрде жүргізудің пилоттық жобасы енгізілуде.

Іс шараға Жоғарғы Соты аппаратының меңгерушісі С.Омаш, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту секторының меңгерушісі О.Айтжан, сот төрағасы А.Жүкенов, сот судьялары, Астана қалалық нотариальды палатаның және Сарыарқа ауданы бойынша АХАЖ өкілдері қатысты.

Зияткерлік меншік құқығы саласындағы істерді қарау кезіндегі соттарда пайда болатын негізгі мәселелер

10/02/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында зияткерлік меншік құқығы саласындағы даулардың ерекшеліктері түсіндірілген брифинг өткізілді.

Сарыарқа аудандық соты жаңа пилоттық жобаны талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

10/02/2017

 

Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны әзірледі.

Іс шараға сот төрағасы А.Жукенов, судьялар мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ кәсіби медиаторлары қатысты.

«Astana Auto Import» ЖШС банкрот деп танылды

10/02/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Astana Auto Import» ЖШС-ін банкрот деп тану туралы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өтініші бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта борышкердің кеден төлемдері бойынша жалпы сомасы 622 889 924 теңге кредиторлық берешегі бар екендігі анықталды және 2015 жылдың басынан бастап салық есебі тапсырылмаған.

Уақытша басқарушының қорытындысына сәйкес борышкер төлемге қабілетсіз болып табылды.

Соттағы медиация

10/02/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен «Соттағы медиация» тақырыбында семинар сабағы өтті.