Архив событий

02/02/2017

Астана қаласының экономикалық соты 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қорытынды жасады

02/02/2017

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізілді, шара барысында сот төрағасы А.Жұмағұлов және судьялар А.Жамансариева мен А.Каримова сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылы жасалған жұмыстарды қорытындылады.

Сот төрағасы А.Жұмағұлов өз сөзінде 2016 жылы жасалған жұмыстардың  статистикалық мәліметтерін атап кетті.

Судья А.Жамансариева сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралған сот істерінің санын мәлімдеді.

Сарыарқа аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

02/02/2017

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады, сонымен бірге сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақытын үнемдейді.

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту секторы меңгерушісі О.Айтжанның қатысуымен «Дыбыс-бейне құрылғысы» бағдарламасын қолдану бойынша семинар сабақ өткізілді.

Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

02/02/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Касымова, Астана қаласы бойынша соттар әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің сот приставы Ф.С.Дуйсенбаева қатысты.