Архив событий

03/02/2017

Сот тың ардагерін тонаған қылмыскерді соттады

03/02/2017

Бүгін Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолдану арқылы тонау (ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі 1,3,4) бойынша әйелге қатысты қылмыстық іс аяқталды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылы 1 желтоқсанда бұрын сотты болған әйел, анықталмаған тұлғамен алдын ала сөз байланысу арқылы әрекет ете отырып, тың ардагері-зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, алтын бұйымдар, ақша және жеке мүлкін күшпен иемденген.

Электронды цифрлы қолтаңба

03/02/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот отырысының хатшыларына «Электронды цифрлы қолтаңбаны қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Данской электронды цифрлы қолтаңба – электронды цифрлы қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлы нышандар жиынтығы екендігін түсіндіріп өтті.

Жеке сот орындаушыларының шешімдерін санкциялау

03/02/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Жеке сот орындаушыларының шешімдерін санкциялау барысында  туындайтын өзекті мәселелер»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға сот төрағасы және судьялар, Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі А.Таскулов, Астана қаласы жеке сот орындаушылар палатасы бастығының орынбасары А.Рапих және Астана қаласы орындаушы округының жеке сот орындаушылары қатысты.

Сарыарқа аудандық сотында тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге дәріс өткізілді

03/02/2017

Кәсіптік дағдыны жетілдіру мақсатында бас маман М.Баярстанова тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге кеңсе сотының жұмыс тәртібін түсіндірді.

М.Баярстанова атап өткендей, сот кеңсесі есепке алу, кіріс және шығыс хат – хабар алмасу істерін жүргізеді, сонымен бірге сот істерін есепке алу және сақтау жұмыстарын атқарады.

Дәріс сабағының қорытындысы бойынша студенттер сот өндірісі бойынша нұсқаулықтармен таныстырылды.