«Questra Holding ins» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2019 жылғы 23 желтоқсанда К.Карамаев, Б.Қожабергенова, К.Махамбетова, Б.Расулметов Қазақстан аумағында «Questra Holding ins» қаржы (инвестициялық) пирамидасын - компаниясын  құрғаны және басқарғаны үшін елорданың №2 Алматын аудандық сотының үкімімен  сотталған.

2016 - 2017 жылдар аралығында пирамидаға жалпы сомасы  480 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат салған 358 азаматы тартылған.

Жасалған ауыр қылмыстар үшін К.Қарамаев 10, Б.Расулметов 9, Б.Қожабергенова және К.Махамбетова 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2020 жылғы 28 мамырда апелляциялық сатының соты аталмыш үкімді өзгеріссіз қалдырды.

 

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі