Архив событий

19/05/2020

Еңбек тәртібін сақтамаудың салдары

19/05/2020

Азамат Н. тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтың күшін жою, еңбек шартын бұзу, жұмысқа қайта алу, амалсыздан бос жүрген уақыт үшін жалақы бойынша берешекті өндіру және 3 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен Есіл аудандық сотына жүгінді.

 Сот «Н» АБФ-ң құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бола отырып, лауазымдық міндеттерін бірнеше рет тиісінше орындамауына жол бергенін және дәлелсіз себептермен жұмыстан ұдайы кешіккенін анықтады.

Еңбек дауы сот медиациясы арқылы шешілді

19/05/2020

Азамат Қ. жұмысқа қайта орналасу және мәжбүрлеп жұмыстан шығарылу уақытына жалақы мен демалыс күндеріне үстеме ақы өндіріп алу туралы талап арызбен Сарыарқа аудандық сотына жүгінді.

Істі қашықтықтан қарау кезінде тараптар істі бейбіт жолмен аяқтауға ниет білдірді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бітімгершілік келісім сот ұйғарымымен бекітілді. Жұмыс беруші жалақы бойынша өтемақы мөлшерін төлеуге және К.-мен еңбек шартын бұзу туралы актіге өз еркімен жұмыстан шығу туралы өзгерту енгізуге міндеттенді.