Архив событий

21/05/2020

Елорда тұрғыны мас күйінде жасалған бірқатар қылмыстары үшін сотталды

21/05/2020

2019 жылғы 3 желтоқсанда бұрын сотталған 1996 жылы туған азамат Г. түнгі уақытта "Адам и Ева" қонақ үйінде мас күйінде және психикалық белсенді заттар әсерінен К. деген танысын ұрып-соғып, оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген (ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі), содан кейін бұзақылық жасап, қонақ үйдің мүлкін бүлдірген (ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі).

Келесі күні таңертең көшеде такси тоқтатып, такси жүргізушісіне қол жұмсап, жеңіл дене жарақатын келтіріп, автокөлігін айдап кеткен (ҚК-нің 200-бабының 4-бөлігі).

Шетел соттарының актілерін орындау: теория және тәжірибе мәселелері

21/05/2020

2020 жылдың 20 мамырында 2019 жылғы 2 шілдедегі Азаматтық және сауда істері бойынша шетелдік сот шешімдерін тану және орындауға келтіру туралы Гаага конвенциясы аясында «Шетелдік сот актілерін орындауға келтірудің практикалық және теориялық аспектілері» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырушылар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы, М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті және М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті болды.