Архив событий

28/05/2020

Коммуналдық шығындарды өндіру туралы дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу

28/05/2020

2020 жылдың 27 мамырында Нұр-Султан қаласы Сарыарқа аудандық соты Нұр-Сұлтан қаласының Татуласу орталығымен бірігіп коммуналдық қызмет өкілдерімен онлайн-кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында ортақ кондоминиумның объектілерін ұстап күту шығындарын төлеуден жалтарып жүрген үй-жайлар иелерінен қарыз сомасын өндіру туралы дауларды сотқа дейінгі тәртіпте Нұр-Сұлтан қаласының Татуласу орталығына жүгіну арқылы реттеу мәселелері талқыланды.

Елорданың әкімшілік сот төрағасы «WhatsApp» арқылы азаматтарды онлайн қабылдады

28/05/2020

Елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Уәлихан Рахматуллаев азаматтарды онлайн қабылдады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезеңінде, елордалық соттардың төрағалары азаматтарды жеке үйден шықпай және оқшаулау талаптарын бұзбай сот төрағасымен кездесуге мүмкіндік беретін техникалық қосымшаларды қолдана отырып, қабылдауды «онлайн» режимде жүргізеді.

Сотта тараптар татуласты

28/05/2020

Азаматша С. пәтер сатып алу үшін «К» жылжымайтын мүлік компаниясына жүгінеді. Пәтер иесімен екеуара уәделесіп, сатып алу – сату туралы келісімшарт жасасуға  келіседі.

Олар кепілпұл туралы келісім жасап, сатып алушы С. пәтерге көшкен.

Кейін, пәтерді сатып алу - сату туралы келісімшарттың болмауына байланысты пәтер иесі жауапкер С.-ті үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Алдын ала тыңдау барысында тараптар дауды медиация арқылы реттеу туралы өтініш білдірді.