Архив событий

13/05/2020

Су ресурстары Комитетінің бұрынғы төрағасына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

13/05/2020

2020 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы соты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы И.Әбішев пен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті С.Түкиевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Жүргізушіні алкогольдік ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін қамауға алды

13/05/2020

Жол полициясы қызметкерлері жолды күзетуді жүзеге асыру барысында "Mercedes" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тіркеу құжаттарын тексеру үстінде азамат Т.-ның көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізгені анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындамай, алкоголь ішімдігін өзін жол полициясы қызметкерлері тоқтатқаннан кейін ішкенін түсіндірді.

Сот оның осындай құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар балаларының тұрғылықты жерін медиация тәртібінде анықтады

13/05/2020

Азамат Т. балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы А-ға талап арызбен Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді.   

Бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді.

АПК-нің 179-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес, тараптар сот бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш жасауға құқылы.