Архив событий

29/05/2020

Мәлімет үшін ақпарат

29/05/2020

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта трансплантолог дәрігер Г.М.Құттымұратов және өзге тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Іс материалдарында өзге тұлғалардың мүдделеріне, яғни донор мен реципиенттерге қатысты дәрігерлік құпия бар болғандықтан қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы прокурор сотқа өтініш білдірді.

2020 жылғы 18 мамырда сот өтінішті қанағаттандырып, іс бойынша бұдан кейінгі талқылауды жабық отырыста қарауды қаулы етті.

Сот ісін жүргізу мәселелері онлайн режимде талқыланды

29/05/2020

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық сотында онлайн режимде кездесу өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Нұрбол Шамиев, Заң консультанттары қауымдастығы мен палатасының өкілдері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Қашықтықтағы кездесу барысында қатысушылар арасында сындарлы пікір алмасу өтті және карантин жағдайында азаматтық істерді қарау тәртібі туралы түсініктер берілді.

 

«Questra Holding ins» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

29/05/2020

2019 жылғы 23 желтоқсанда К.Карамаев, Б.Қожабергенова, К.Махамбетова, Б.Расулметов Қазақстан аумағында «Questra Holding ins» қаржы (инвестициялық) пирамидасын - компаниясын  құрғаны және басқарғаны үшін елорданың №2 Алматын аудандық сотының үкімімен  сотталған.

2016 - 2017 жылдар аралығында пирамидаға жалпы сомасы  480 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат салған 358 азаматы тартылған.

Жүргізушінің жауапкершілігі

29/05/2020

2020 жылғы 24 мамырда азамат И. алкогольдік мас күйде «Mitsubishi» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолындағы «Маралды» бекетінде тоқтатылған, осындай жай-күйі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және полиция инспекторы Д.-ның баянатымен расталады.

Сот отырысында И. кінәсін мойындады және өз ісіне өкініш білдірді.

Судьялар сот төрелігі академиясының түлектеріне онлайн пресс-тур өткізді

29/05/2020

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьялары Айгүл Молдыбаева мен Айбек Амангелдин  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына қашықтықтан Zoom арқылы пресс-тур өткізді.

Іс-шараның мақсаты болашақ судьяларды соттың қызметімен, оның ішінде соттың карантин кезеңіндегі істерді онлайн режимде қарау жұмысымен таныстыру болды.

Пресс-тур барысында судья Айгүл Молдыбаева «Отбасылық сот» пилоттық жобасының қызметі туралы айтты.

Талқыланған мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Төтенше жағдай кезінде жалдау ақысын төлемеуге байланысты мәселелерге қатысты қоғамдық дауларды сотқа дейін шешу

29/05/2020

Жоғарғы Сот республиканың барлық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында бизнес-омбудсмен офисі өңірлік секторларының өкілдерінің қатысуымен жария дауларды алдын алу бойынша кабинеттер ашуға бастамашылық жасады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен сот дауларының санын азайту және карантиндік кезеңде кәсіпкерлік қызметті қалпына келтіру мақсатында елорданың экономикалық сотында жоғарыда көрсетілген кабинет ашылды.