Архив событий

11/05/2020

Сот отырысының аудио-бейнежазбасы жеке деректерді жариялауға арналмаған

11/05/2020

Адвокаттар Жоғарғы Сот Департаментінің аудио-бейне жазбаны техникалық қолдану ережелеріне қатысты бұйрығының заңдылығымен келіспеді.

Олардың пікірінше, Департамент басшысының «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы адвокаттардың соттардан алатын АБЖ материалдарына еркін қол жеткізу мен қолдануға құқығын шектейді.

Дау сот медиациясы арқылы шешілді

11/05/2020

«В» ЖШС жауапкер О.-дан жауапкерге тиесілі Mitsubishi Pajero маркалы көлік құралы арқылы 1 500 000 теңге көлемінде қарызды, сондай-ақ қатысты 457 000 теңге көлеміндегі сыйақы сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот тараптардың арасында кепіл билетінде көрсетілген мерзімде жауапкер орындамаған міндеттемелердің барын анықтады.

Істі қашықтықтан қарау барысында тараптар дауды істі жүргізетін судьяның медиация арқылы реттеу туралы өтінішті білдірді.

Спорт әуесқойы карантинді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/05/2020

Азамат У. карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сотта 2020 жылдың 21 сәуірінде У. көшеде спортпен шұғылданып, белгіленген режимді бұзып, өзіне және басқаларға қауіп төндіргені анықталды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

 

Сұлулық салонының иесіне төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

11/05/2020

2020 жылдың 16 сәуірінде жеке кәсіпкер - сұлулық салонының иесі азаматша Н. салонның жұмыс істеуіне жол беріп,  клиенттерді қабылдады. 

Осылайша, ол Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік режимді бұзды.

Сот отырысында Н. құқық бұзушылықты жасағандығын толықтай мойындады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 27 780 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.