Қардың уақытылы тазаланбауы автокөлік зақымдануына әкелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Тұрмыс» ЖПК шатырының үстіндегі  уақытылы тазаланбаған қардың себебінен, талапкер Д.-ның тұрақта тұрған автокөлігіне мұз құлап, әйнегі мен төбесін сындырған.

ҚР АК 917 бабына сәйкес заңсыз іс–әрекеттерімен мүліктік және мүліктік емес игіліктерге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына   зиян келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Астана қаласы Алматы аудандық соты «Тұрмыс» ЖПК-дан талапкер Д.-ның пайдасына 139 765 теңге келтірілген шығын сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі