Ерлі - зайыптылар некені сақтап қаламыз деп шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

              Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер Г. жауапкер Н-ға қатысты некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

         Істі қарауға дайындық жүргізу барысында, ерлі-зайыптыларға араларындағы дауды медиация тәртібімен келісім жасау арқылы шешу құқығы түсіндірілді.

         Кәсіби медиатордың қатысуымен талапкер мен жауапкер арасында медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, ол бойынша тараптар татуласып, некені сақтап қалуға міндеттелді.

         Талапкер мен жауапкер арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімге сәйкес, азаматтық iс тоқтатылды.

         Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі