Автокөлік магнитофоны ұрлығы ісі бойынша тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы қаңтар айында азамат Б.  үйдің ауласында тұрған, азамат П-ға тиесілі автокөліктің ішіне заңсыз кіріп, автокөліктің «JVC» маркалы магнитофонын ұрлаған.

Қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде жәбірленушіге 15000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот талқылауында айыпталушы мен жәбірленуші медиациялық келісімге келген.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен азамат Б.ға қатысты қылмыстық іс медиациялық келісім бойынша қысқартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі