Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Ә.Ш.Шайхисламов, судьялар, Астана қалалық сотының судьясы Е.С.Қосмұратов, Бас көлік прокуратурасы басқармасының басшысы, Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының орынбасары, Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының  бөлім басшысы, Астана қаласы Есіл аудандық заң кеңсесінің адвокаты қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья А.І.Әшірбеков алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын негізгі мәселелерге тоқталды. Судья  қылмыстық істі қарау кезінде ең маңыздысы, алқабилер отырысына үміткерлерді  дұрыс және мұқият іріктеу болып табылатындығын атап өтті.  Алқабилер тізімін құру барысында үміткерлердің сотталмаған, құқықбұзушылық және наркологиялық, психоневрологиялық диспансерде есепте турмау фактілерін назарға алу керек.

Іс-шара соңында қатысушылар басты сот талқылауында алқабилердің қатысуы ерекшеліктерін талқылады. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі